Алматы Рестораны Все отзывы почитать Алматы

Алматы :: Ресторан Диана

Бұрын жақсы болатын. Кәзіргі сәтте бұл мейрамхана сапасы өте түсіп кеткен. Кіргеннен көңіліміз түсті. Туалеттер істемейді, барлық есікте ручкамен бояп бояп скотчпен " Не работает!" деп жазып жабыстырып тастаған. Су ақпайды. 300-дей адамға той жасалатын болғандықтан ондай жағдайды ертерек ойластырған жөн шығар?! Антрактте келсек туалеттің ішінде қағаз толған, лас, мүмкін емес... Қызғаншақпа білмеймін. Той бітуге 15минут қалғанда не арақ, не кола жоқ. Ішіп отырғандар даяшыларды қысып жатыр. Ашылмаған виноларды алдымыздан алып кетті. Келісім бойынша мейрамхана толық қамтамасыз ету керек еді, бірақ бітіп қалды деді де тұра берді... Кухнясы дәмді, рахмет. Бірақ, тазалығы, даяшылардың қызметі, администрацияның мынандай (сусындарды жинап алуы) әрекеті мүлдем болмайтын әңгіме, себебі той иесі сол "без лимит" үшін қанша қаражатын төледі?! Мейрамхана әкімшілігіне айтарым, сонша үлкен мейрамханаға солай "мелочиться" етудің керегі жоқ шығар?! Қанша адам "мына Диана не болып кеткен?" деп кеткеніміз рас. https://maps.app.goo.gl/RyZKLPcwKdjCKSX28

05.06.2024

Страницы: «1234567»